11 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің солтүстік бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болып, тұрақсыз күн райы күтіледі.

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысында жекелеген аудандарда желдің екпіні 17-22 метрге күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 метрді құрайды, бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.

Еліміздің батысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде Алматы облысының тау маңындағы өзендерде және ШҚО Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде судың көлемі артады. Қазақстанның су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.