11 наурыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 11 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
77 жыл бұрын (1947) ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Еркебек Қамбарұлы АРҒЫМБАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданы Самсы ауылында туған.
1971 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 1987 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1971-1977 жылдары Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-интерні, Жамбыл аудандық туберкулез ауруханасында дәрігер-фтизиатр, Жамбыл аудандық емдеу бірлестігінің Дегерес бөлімшелік ауруханасының бас дәрігері. 1977-1983 жылдары ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмысы Бас басқармасының дәрігер-инспекторы, коллегия хатшысы, кадр бөлімінің бастығы. 1983-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1992 жылдары Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары. 1994-1996 жылдары ҚР Қызыл Крест және Қызыл Ай Қоғамының (2002 жылдан бастап ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамы) бас директоры, 1996 жылдан бастап президенті қызметін атқарады. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері».
2002 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
59 жыл бұрын (1965) Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы Ербол Жұқатұлы ИСМАИЛОВ дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1982 жылы Торғай облыстық мемлекеттік еңбек жинақ кассасы басқармасында сигнализация бойынша инженер болып бастаған. 1989-1991 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіп комитеті Арқалық ет комбинатында заңгер-кеңесші, 1991 жылы Торғай облыстық әділет басқармасының кеңесшісі, 1991-1994 жылдары Арқалық қалалық прокурорының аға көмекшісі, 1994-1995 жылдары Торғай облыстық прокуратурасының прокуроры, 1995-1997 жылдары Торғай облыстық сотының судьясы, 1997-1998 жылдары Ақмола облыстық сотының судьясы, 1998-2002 жылдары Астана қалалық сотының судьясы болған.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
53 жыл бұрын (1971) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Хажетұлы МҰСТАФИНОВ дүниеге келді.
Семей қаласында туған.
Омбы аграрлық университетін мал шаруашылығы техникі мамандығы бойынша, Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000 жылы Салық полициясы комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының Павлодар облысы бойынша ауданаралық бөлімінің инспекторы, 2020-2023 жылдары Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі ішкі қауіпсіздік тобының ішкі істер бөлімінің аға анықтаушысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық іздестіру департаменті жедел-іздестіру басқармасы бастығының орынбасары, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары; Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы бастығының орынбасары; Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарды.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
50 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Қақашаұлы РЫСБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетін бітірген.
Еңбек қызметі: 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттама қызметінің ассистенті, атташесі, 1999-2003 жылдары ҚР Малайзиядағы Елшілігінің атташесі, 2003-2004 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, 2004-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, 2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы, 2011 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры, 2011-2014 жылдары Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) ҚХР-ның министр-кеңесшісі, 2014-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қосалқы), 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың ақпанынан бастап.
48 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы НҰРТІЛЕУ дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастар саласы маманы. Дипломатиялық дәрежесі – бірінші сыныпты кеңесші. Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама басқармасының референті, атташесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген. 2007-2011 жылдары Сенат аппаратының басшысы болды. 2011 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры. Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) ҚР Тұрақты өкілдігінде кеңесші уәкіл (2011-2014); ҚР Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2014-2016). Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (2017-2019) міндетін қоса атқарушы болды. ҚР Президентінің көмекшісі (2019-2021). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2021-2022); ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары (01.2022-02.2022).
2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
36 жыл бұрын (1988) Абай аудандық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Нұрәліұлы ВОРОШИЛОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша (2009), Алматы университетін маркетинг мамандығы бойынша (2019) бітірген.
Еңбек жолы: 2010 жылы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық жанар-жағармай қызметі бойынша экспедитор, 2011-2012 жылдары «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының сарапшысы, 2013-2016 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы, 2016-2018 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін мониторингілеу бөлімінің басшысы, 2018-2018 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары, 2021-2022 жылдары «Вертикаль Строй» ЖШС директоры (2020-2021); «Си-трейд» ЖШС директоры болды.
2022 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.