11 наурызда күн құбылмалы болады, қар аралас жаңбыр жауады
07:27, 11 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет синоптиктері 11 наурыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Салдарынан қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады.
Тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі, жел күшейеді.