11 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 11 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

11 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ

Литва Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қаңтардың 1-13-і аралығында Вильнюсте қайғылы оқиға болды. Кеңес әскерлері телеорталық ғимаратын басып алды. Осы қақтығыстан кейін Литва наурыздың 11-інде 1918 жылы жарияланған тәуелсіздігін қайта қалпына келтірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын тәуелсіз деп жариялады.

Қазақстан Республикасы мен Литва Республика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.

Холи - бояулар мерекесі. Үндістанның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы. Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі ұйымдастырылды. Оның алғашқы құрамына академик Айтмұхамед Абдулин, Ебіней Бөкетов, Борис Суворов және т.б. ғалымдар кірді.

18 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты.

18 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауылшаруашылығы ғылымдарының академиясы және Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі - Ғылым министрлігі - Қазақстанның Ғылым академиясы орталық атқарушы органның құрамында біріктірілді.

2003 жылдың қазанынан бастап академия президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов.

1 2 жыл бұрын (2002) Алматы қалалық құжаттар мұрағаты басқармасы мен Алмалы аудандық мұрағаты құрылды.

9 жыл бұрын (2005) Прагада Орталық және Қазақстан Республикасының Шығыс Еуропа елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сағынбек Тұрсыновқа «Франца Кафки атындағы үлкен алтын медаль» Халықаралық сыйлықты табыс ету рәсімі салтанатты түрде өтті. Онда Чехияның мемлекеттік қайраткерлері, дипломатиялық корпустың, чех астанасының қоғам өкілдері және көптеген журналистер қатысты.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Ғайсағали Сейтақ ақынның «Шығу тегі және шежіре» атты шығармалар жинағы жарық көрді.

Ғайсағали Сейтақ - танымал ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Батыс Қазақстан облысындағы ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі.

Жинаққа ақынның таңдаулы шығармалары кірді. «Ел мен ер» атты бірінші бөлімінде туған жер мен жерлестеріне, отандық тарихтың танымал тұлғаларына, оның әр кезеңдеріне арналған шығармалары бар. Кітап беттерінде ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері ерекше орын алды. Ал, екінші бөлімі «Көз бен сөз» деп аталады, оның ішіне адамдар арасындағы рухани қарым-қатынас туралы, асыл сезімнің құдыретті күші туралы ойлар кірді. Жинақтың «Аударма» деген бөліміне басқа халықтар жазушылары шығармаларының аудармалары кірді.

7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Катар Мемлекетінің «Тәуелсіздік» ордені табыс етілді. Бұл шетелдік мемлекеттер басшыларына берілетін ең жоғары награда.

ЕСІМДЕР

1 21 жыл бұрын (1893-1958) ғалым, қазақ тілі әдіснамасының негізін салушылардың бірі, доцент, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі САРЫБАЕВ Шамғали Харесұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған. Орынбордағы «Хусаиния» медресесін бітіріп, 1916 жылдан Түркістан маңындағы ауылдарда мұғалім, 1918 жылдан Шымкентте уездік оқу-ағарту басқармасының бастығы болған. Шымкент қаласында тұңғыш рет педагогикалық курс ашып, қазақ тілінен сабақ берген. 1921-1923 жылдары Алматыда казақ педагогикалық техникумын ұйымдастырған. 1923-1954 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде, Алматыдағы Қазақ журналистика институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттік университетінде дәріс оқыған. Қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі, педагогика туралы 100-ге тарта ғылыми мақаласы, сондай-ақ он шақты монографиясы жарық көрген. Көп жылдар бойы қазақ, қарақалпақ ауыз әдебиеті материалдарын жинаған. Жамбыл туралы алғаш рет мақала жазған.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

6 3 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры НҰРЖАНОВ Берікболат Насекенұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданында туған. Ленинград кеңес саудасы институтын, Орал кооперативтік техникумын бітірген.

1988-2000 жылдары - «Казмясмолторг» жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, «Аяқ киім» базасының директоры, «Газсауда» АҚ-ның президенті, Батыс Қазақстан облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, «Ұлар» жинақтау қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің менеджері қызметтерін атқарған.

2001 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

5 3 жыл бұрын (1961) Астана қаласы сотының судьясы БАЛЫҚОВ Дәулен Жұмалыұлы дүниеге келді.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1983-1989 жылдары - Қарағанды областық прокуратурасында тәжірибеден өтуші, тергеуші, аға тергеуші. 1989-1991 жылдары - Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі. 1991-1992 жылдары - Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі. 1992-1993 жылдары - «Қарағанды Тұрғынүй» №3 Қарағанды кірпіш зауытының заңгері. 1993-1994 жылдары - Кеңес халқының аудандық сотының халықтық соты. 1994-1997 жылдары - Қарағанды қалалық сотының судьясы. 1997-1999 жылдары - Қарағанды облысы заң басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы. 2002-2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық іс жөніндегі коллегиясының төрағасы. 2006-2009 жылдары - Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

2009 жылдан - қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

5 4 жыл бұрын (1960) Парламент Мәжілісінің депутаты МИЛЮТИН Александр Александрович дүниеге келді.

Ресей Федерациясы Алтай өлкесінде туған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.

«Казпромтехмонтаж» басқармасының шебері, прорабы, «Зергер» АҚ өндіріс бойынша директор орынбасары, вице-президенті, Семей ет консерві комбинатының вице-президенті қызметтерін атқарған. 1999-2007 жылдары - II,ІІІ және ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

51 жыл бұрын (1963) композитор, әнші, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Үкілі үміт» республикалық композиторлар байқауының лауреаты ЖҮНІСОВ Қайрат Қаратайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген. Композитордың халық арасына кеңінен таралған «Қарындасыма», «Қыз - қызғалдақ», «Ықыластың қобызы», «Алматының түндері-ай» атты әндері бар.

40 жыл бұрын (1974) ақын, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты ШЕГЕБАЕВ Әлібек дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1997 жылы «Жалын» журналында жарияланған топтама жырлары үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлықты иеленген. 2000 жылы «Жас ақындар жырларының антологиясына» жырлары енген. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Алакеуім» атты тұңғыш жыр жинағы, 2003 жылы «Әйнекке түскен сәуле» атты кезекті жыр жинағы жарық көрген. Қазір Қазақ радиосында қызмет істейді. Астана қаласында өткен жастардың 5-ші Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

3 9 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы ӘБДИ Нұрлан Әбітқанұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қостанай облыстық басқармасының бастығы қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың 21 ақпанынан.