11 наурызда ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 11 наурыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты 11 наурызда жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді.

Тек елдің қиыр солтүстік өңірлері суық антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.

Ақмола облысының оңтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде - жаяу бұрқасын, орталығында, солтүстігінде -15-20 м/с жел, түнде облыстың оңтүстігінде – көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында – тұман, күндіз облыстың шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде – тұман, облыстың оңтүстігінде – 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – тұман, көктайғақ, батысында, оңтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде - тұман, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-батысында жел екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында – тұман, түнде және таңертең солтүстікте, облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында – тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында – 15-25 м/с жел соғады.