11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең еліміздегі 11 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.


21 желтоқсанда Ақмола облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең Көкшетауда жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

21 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз тау асуларында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

21 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман болуы ықтимад. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтөбе қаласында көктайғақ болуы мүмкін.

21 желтоқсанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда қаласында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 желтоқсанда Ақмола облысының батысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында күндіз 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында ертең кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

21 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады, тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді.

21 желтоқсанда Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз батысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, орталығында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, оңтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

21 желтоқсанда Атырау облысының оңтүстік-шығысында және орталығында тұман түсуі мүмкін.

Атырау қаласында ертең түнде және таңертең тұман түседі.