11 өңірде инфляция баяулады

Фото: freepik.com

АСТАНА.KAZINFORM — Қарашада елде жылдық инфляция 12,4% болды (қазанда — 12,6%). Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. 

Жылдық инфляция 11 өңірде баяулады, 5 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.

Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,4% болды (қазанда — 13,5%). Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (17,1%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (11,2%) ең төмен өсті.

Қарашаның қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11,2% болды (қазанда — 11,0%). Ең жоғары мән Ақтөбе және Жетісу облыстарында (13,2%-дан), ең төменгі мән Батыс Қазақстан облысында (8,6%) тіркелді.

Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,3%-ға дейін баяулады (қазанда — 12,9%). Сонымен қатар Қызылорда және Маңғыстау облыстарында (9,4%-дан) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.

Қарашада ел бойынша айлық инфляция 0,8%-ға өсті.

Еске салсақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің әкімшілік шаралары қараша айында жылдық инфляцияның төмендеуіне әсер еткенін айтты