НҰР-СҰЛТАН
9.30-да Назарбаев орталығында Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы басталады.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
10.00-де Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: заманауи сын-қатерлер» тақырыбында IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өткізеді.
11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында брифинг өтеді.
11.00-де Қазақстан даму банкінің баспасөз орталығында «Қазақстанның даму банкі» АҚ 2018 жылғы қызметінің қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (ҚазАТУ) Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы үндеуін қолдау мақсатында студенттік форум өтеді.
15.00-де «Нұр сәулет - 2» бизнес орталығында кезектен тыс Президенттік сайлау өткізуді талықлау бойынша жастар мен сарапшылар қоғамының кездесуі өтеді.
15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы «Тіл тазалығы - баршаға ортақ іс» атты дөңгелек үстел өткізеді.
16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасындағы электрондық сауданың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
19.00-де Kinopark 8 Imax Saryarka кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Балуан Шолақ» көркемфильмінің тұсаукесері өтеді.
АЛМАТЫ
15.00-де «Алматы қаласының кәсіподақтық орталығы» аумақтық кәсіподақтар қауымдастығында кезектен тыс ҚР Президентін сайлау жөнінде жиналыс өтеді.
15.00-де Оқушылар сарайында Алматы қаласының Педагогтар оқуының салтанатты жабылуы өтеді.
16.00-де Depo Evolution park-те «Сарапшы» клубының отырысы өтеді.
19.00-де «Арман» кинотеатрында «Замаануи француз киносы» кинофестивалі ашылады.