АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікафрикалық боксшы Золани Тете титулдық жекпе-жек кезінде әлемдік рекорд орнатты. Айқас небәрі 11 секундқа созылды, деп хабарлайды RT.
Тетенің қарсыласы өзінің отандасы Сибонисо Гонью болды. Боксшылар WBO тұжырымы бойынша 53,52 келі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағы үшін таласты.
Бұған дейінгі рекорд америкалық Джеральд Маклелланға (72,57 келі салмақ) тиесілі болған. Ол 1993 жылы титулдық айқас кезінде қарсыласын 20 секунд ішінде нокаутқа түсірді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.