11 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік. Су айдындарындағы оқиғалардан өзіңді қалай қорғау керек» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
13.30-да Назарбаев Университеті Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (AIIB) вице-президенті және корпоративтік хатшысы Людгер Шукнехттің қонақтық дәріс өткізеді. Шукнехт мырза «Экономикалық, мәдени және әлеуметтік әлеуетке негізделген Қазақстанның дамуына үлес қосатын халықаралық қаржы институттарының рөлі» тақырыбында дәріс оқиды.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бекіре-2023» жыл сайынғы балық қорғау акциясының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Бахиянов Аян Қайратұлы; ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Вазирұлы Зұлхаиров. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
17.00-де Astana Hub-та Кремний алқабынан оралған қазақстандық стартапшы, Hero Training бағдарламасының қатысушысымен офлайн meetup өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.