Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді,
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұманды болады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.