11 тамыз күнгі ауа райы болжамы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары атмосфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен 11 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Республиканың тек батысында және солтүстік-батысында Мәскеу аумағынан келген циклонның ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жаңбыр қатты жауатыны күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, бұршақ, солтүстікте тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМКмәліметіне сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кейжерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, Атырауоблысында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе,Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан,Қызылорда облыстарының кей аумақтарында шаңды дауыл болып, желдің күші 15-20м/с артады.

Жамбыл, күндізҚарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20м/с күшейеді.

Алматы облысыныңкей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Түнде және таңертеңСолтүстік Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерін тұман басады.

Сондай-ақ күндізАлматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қаттыыстық күтіледі.

Бұдан бөлек, Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.