11 тамызда республиканың батысы мен шығысында жаңбыр жауады, 6 аймақта күн қатты ысиды

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, Қазақстанның көптеген бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталуда.

Республиканың тек батысы мен шығыс аймағында фронтальдық бөліктердің өтуімен өткінші жаңбырлар болып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі, Батыс Қазақстан облысында - шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде күн қатты ысиды.

Атырау, Ақтөбе облыстарында күн өте ыстық болады. Атырау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының көптеген бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде.