Бұл туралы«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Ольга Липчанскаяның айтуынша, Универсиада алауын алып жүру мәртебесіне салауатты өмір салтын серік еткен, спорттық жетістігімен көзге түскен, үздік еңбеккерлер таңдалған. Олардың қатарында Защита жол дистанциясы машинисінің көмекшісі Александр Федотов, Семей магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженері Данияр Молдыбаев, Жаңа Семей стансасының бағыттауыш бұрма бекетінің кезекшісі Берікжан Нұртаев, Қостанай Магистральдық желісінің пойыз диспетчері Дәмір Өмірзақов және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басқа құрылымдық бөлімшелерінен өндіріс озаттары таңдалған.
«Мен өзімнің осындай маңызды спорттық шараға қатысқанымды мақтаныш етемін. Толғаныс бар. Дегенмен, келесі қатысушыға Эстафета алауын жеткізуге барымды саламын. Универсиада әрбір өңірдің ғана емес, бүкіл Республиканың абыройын көтеретін мереке», дейді Дәмір Өмірзақов.