11 жасар Алина Күлбаева Италиядағы телевизиялық ән байқауының финалына өтті

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 11 жасар павлодарлық қыз Алина Күлбаева Италиядағы халықаралық телевизиялық ән байқауының гранд-финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Әлемнің дарындыжеткіншектері тәуекел етіп, бақ сынаған конкурстың іріктеу туры Италияның Скалақаласында өтті. Ол аталмыш елдің танымал опера әншісі Энрике Корузоға арналғаншығарманы орындап, өнерсүйер қауымды тәнті етті. Қазылар алқасының бірауыздышешімімен Алина байқаудың ақтық сынына жолдама алды. Сол уақытта қазақ қызышырқаған ән Италияның радиостанциялары арқылы бір ай бойы таратылды.

«Танымал әуендіорындау бала үшін оңай емес. Біздің талантты жеткіншектерхалықаралық байқаулардың шыңын бағындырса, біз қуанымыз. Оларды мақтан етеміз.Алина – арпа ішіндегі бір бидай. Еңбекқорлығына таң қаламыз. Музыка десе, жанынбереді», - дейді музыкалықколледж директорының орынбасары Эльвира Кащук.

Ал Алина Күлбаевабайқауда бәсеке жоғары екенін айтады.

«Сахнаға шыққандабойымдағы қобалжу тез басылады. Өмірімді әнсіз елестетеалмаймын. Байқауда мен сияқты дарындылар көп болды. Десе де, оларға дес бермей, елімді Еуропағатаныттым. Бұл мен үшін үлкен абырой. Бүгінде әлемге танымал жерлесіміз МарияМудрякқа ұқсағым келеді», - дейді ол.


Кәрі құрлықта өткенхалықаралық байқау Алина бағындырған белестердің бірі ғана. Ол жетіжасынан бері ондаған халықаралық конкурсқа қатысқан.Десе де Италияда өткен байқаудың орны бөлек.

«Итальяндықтар –әнші халық. Байқауларға келген балаларымызды көргенде қызыға да,қызғана да қарайтыны сондықтан. Себебі талантты жеткіншектер өте көп. Қызымсахнаға шыққандағы сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алина «Памяти Корузо»әнін таңдады. Бала үшін күрделі шығарманы оңай емес», - дейді оқушы қыздың анасы Алинұр Күлбаева.

25 жылдық тарихыбар байқаудың ақтық сыны қазан айында өтеді. Байрақты доданыңталабы бойынша әндер итальян тілінде орындалуы шарт. Қазіргі уақытта Алинатыңғылықты дайындық үстінде. Шет тілін меңгеруді де мақсат етеді.

Павлодар музыкалықколледжі 60 жыл ішінде Қазақстанды әлемге танымал өнерпаздардың талай толқынынөсірді. Бүгіндеоқу орнынан түлеп ұшқан жастар халықаралық сахналарда қазақ елінің намысынабыроймен қорғауда.