11 жасар бала химиялық формула құпиясын ашты

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Швецияда 11 жасар бала әкесі 8 жыл бойы шеше алмаған химиялық есептің жауабын тауып, автор атанып отыр.

Және кішкентай Линус Ховмоллердің есімі әкесінің атымен бірге ғылыми журналда жарияланған. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлайды.

Химиктер  таңдаған тақырып оңай емес. Ол - квазикристалдың жақындау  қызметінің атомдық құрылымы туралы. Бұның формуласын бірлесіп анықтауға Линус пен   әкесі Свэн былтыр кіріскен екен. Ал, есептің мәні ашылғанда баладан гөрі әке қатты қуаныпты.  Профессордың ойынша, жасөспірімнің миы қажет емес ақпараттардан таза. Сондықтан,  химияны жанындай сүйетін өренге бұл мәселенің мәнін ашу  аса қиынға соқпаған.