Мәселе атақты музыканттың 11 жасында жазған құттықтау хаты туралы болып отыр. Онда болашақ музыкант тәтесі Харриетке 1951 жылы Рождество мерекесіне орай алған сыйлықтары үшін алғысын білдірген.
Хатта Леннон бірнеше грамматикалық қателік жіберді. Ол тәтесіне өзіне сыйлаған орамал мен ең танымал кемелер туралы кітап үшін рахметін айтты. Бұдан басқа, Леннон хатта қызыл свитер үшін алғыс білдіріп, тәтесіне бақытқа толы жаңа жыл тілегін білдірді.
Бұл хат - Джон Леннонның осы уақытта белгілі болған ең ерте жазған хаты, деп атап өтті The Independent.
Бәссауданың алдағы айда өтетіні күтіліп отыр.