Бұл жаңалықпен қазақстандық әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Енді Жанель танымал америкалық орындаушы Бейонсе Дэвидтің ұстазы Ли Брюэрадан вокал бойынша арнайы сабақ алады.
Естеріңізге салайық, осы жылғы тамызда қазақстандық қыз «Новая волна» балалар конкурсында үшінші орын және конкурс тарихында алғаш рет ең үлкен фан-клуб жүлдесін алған еді. Бұған қоса ол көптеген қазақстандық конкурстардың жеңімпазы.