11 жыл бойы полиция іздеуінде жүрген қылмыскер ұсталды

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 11 жыл бойы полиция іздеуінде жүрген қылмыскер қолға түсті. Бұл жөнінде бүгін брифингте ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұман мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыскерді Ресейге іссапармен аттанған Павлодар облысының полицейлері ұстады. Операция Ресейдің Иркутск облысы ішкі істер бас басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімімен бірлесіп өткізілген.

Қылмыскер осыдан 11 жыл бұрын 1998 жылы серіктестерімен бірге мас күйде Павлодар тұрғынын ұрып-соғып, оның ВАЗ автокөлігін иемденіп кеткен болатын.