«110» нөмiрi қауiп-қатердiң алдын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлiгi тарапынан жергiлiктi жерлерде терроризмге қарсы «шұғыл желi» құру бойынша террористiк қауiптерге байланысты хабарламалар қабылдау үшiн үштаңбалық «110» нөмiрi бөлiндi, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Азаматтардың Қазақстанның кез келген нүктесiнен «110 шұғыл желiсiне» шығыс қоңырауды жүзеге асыруы кезiнде қоңыраулар аумақтық белгiсi бойынша ҰҚК Департаменттерiнiң кезекшi қызметтерiне түсетiн болады (мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш қаласынан қоңырау шалынған кезде қоңырау ҰҚК Оңтүстiк Қазақстан облысы департаментiнiң кезекшi қызметiне түседi).

Бiрыңғай «шұғыл желi» жоғарыда аталғандарды ескере келе, жеке және заңды тұлғалардан террористiк жағдай туындауының алғышарттары немесе туындауы, адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қауiп және шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды қажет ететiн басқа да жағдайлар туралы хабарлар қабылдайды.

Сонымен қатар, «110 шұғыл желiсiнiң» қызметi террористiк және дiни экстремистiк идеологияны тарату, террористiк актiлердi ұйымдастыру және қаржыландыру, дәстүрлi емес дiни ағымдарға оқыту қауiптерiне байланысты жедел хабарламаларды қабылдау болып табылатындығын ерекше атап өту кажет.