111 жастағы жапондық әлемдегі ең егде адам атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 111 жасар жапондық Сакари Момои әлемдегі ең егде адам болып танылды. Гиннесс рекордтар кітабының құрметті грамотасы Токио аурханаларының бірінде жатқан ұзақ жасаушыға берілді.

Момои журналистерге берген сұхбатында жағдайы жақсы екенін, тек есту қабілетінің нашарлағанын айтқан.

Ол сонымен бірге тағы екі жыл ғұмыр кешкісі келетінін жеткізді. Сакари Момои маусымның басында Нью-Йоркте бұдан бұрынғы рекордшы америкалық Александр Имич қайтыс болғаннан кейін ғаламшардағы ең егде ер адам атанды. Ол жапондықтан бір жас үлкен еді.