«Ватанабе әлемдегі ең қарт ер адам деп мұның алдындағы осы титулдың иегері Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында тұратын Масадзо Нонака 2019 жылдың 20 қаңтарында 113 жасында қайтыс болған соң танылды», - делінген хабарламада.
Аталып өтілгендей, Ватанабе 1907 жылдың 5 наурызында фермерлер отбасында туған. Ол Тайванға 20 жасында көшіп келіп, 18 жыл тіршілік кешкен. Жапонияға Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оралып, зейнетке шыққанша мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.
Оның 5 баласы, 12 немересі, 16 шөбересі және бір шөпшегі бар.
Қазіргі уақытта ол Ниигата префектурасында Дзёэцу қаласында қарттар үйінде тұрып жатыр.
Ер адам денсаулығына шағым айтпайды, өмірін ұзартқан күлкі деп есептейді.