113 мың елордалық иммундау курсын толық аяқтады
«Бүгінде 170 мыңнан астам адам немесе вакцинация алуға жататын халықтың 26 пайызы вакцинаның 1 компонентін алды. 113 мыңнан астам азамат иммундау курсын толығымен аяқтады. Вакцинаның бірінші компонентінің 59 мыңнан астам, екінші компоненттің 55 мыңнан астам қалған дозасы бар. Халықты вакцинациямен қамту үшін біз медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 3 есе арттырдық. Олардың жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда таңғы сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды. Бүгінгі таңда вакцинаның 3 түрі ресейлік Sputnik - V, отандық QazVac және қытайлық - Hayat-Vaks бар», - деді Әлия Рүстемова.
Сондай-ақ ол халықты вакцинациялаумен толықтай қамту үшін Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, СарыАрқа, Евразия сауда-ойын-сауық орталықтарында, Мечта дүкені мен Әлем базарында егу пункттерінің ұйымдастырылғанын айтты.
«Осы уақыт аралығында сауда және ойын-сауық орталықтарында 29 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Бұған дейін Орталық базар мен Биг Шанхайда және Артем сауда үйінде вакцинация орталықтары ашылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда, бұл мекемелерде вакцинация жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілгендіктен, ондағы пункттерді жабу туралы шешім қабылданды», - деді ол.