«Барселона» испандық футбол клубы (Futbol Club Barcelona, сондай-ақ «Барса» ретінде танымал) Каталонияның футбол клубы, Испания мен әлемнің ең үздік футбол командаларының бірі.
Клуб 1899 жылы 29 қарашада Жоан Гампердің жетекшілік етуімен швейцарлық, британдық, испандық және каталондық футболшылар тобымен құрылды. 1899 жылдың 22 қазаны күні Жоан Гампер жергілікті газетке хабарлама беріп, онда қалаушылардың барлығын футбол клубын құруға қатысуға шақырды. Хабарламаға 11 адам үнқатып, олар 29 қараша күні құрылтай жиналысқа жиналды. Оның соңында футбол клубының құрылатындығы туралы шешім қабылданды.
«Барселонаның» символы бастапқыда қаланың гербі болды, 1910 жылы олар осы күнге дейін қолданылып келе жатқан дербес символдарын ойлап тапты.
2006/2007 жылдарғы маусымда «Барса» табыстары 291,1 млн. еуро болатын әлемнің ең дәулетті клубтарының үштігіне енді. 2009 жылы «Барселона» ФК ерекше жетістікке қол жеткізді. Олар түрлі ірі турнирлерде (Испанияның чемпионаты, Кубогы және Суперкубогы, сондай-ақ халықаралық жарыстарда - Чемпиондар лигасы, УЕФА-ның Суперкубогы және Клубтық әлем чемпионаты) бір жыл бойы жеңімпаз болып келген жалғыз еуропалық клуб атанды.