«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығында Қазақстан Республикасының 3 азаматын ұстады.
Қол жүктерін тексеру кезінде олардан заңсыз 96 дана ұялы телефон табылды. Бұдан басқа, ұсталғандардың бірінің денесінен жабысқақ лентамен жапсырылып жасырылған 22 дана телефон анықталды. Осылайша жалпы саны 118 дана заңсыз телефон тәркіленді.
Аталған азаматтар телефондарды кедендік бақылаудан жасырын өткізуге тырысқан. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.