12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп некелерін қидырады
11:21, 12 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары әлемде үйлену тойларын ерекше даталарда өткізу дәстүрі пайда болды.
Жас жұбайлар әдемі дата оларға болашақ отбасылық өмірлерінде сәттілік алып келеді деп сенеді.
Бүгін 12.12.12. күні Астанада 130-дан астам жұп заңды некеге тұруды жоспарлауда, бұл әдеттегі күндерден 2 есеге көп, деп хабарлады Әділет департаментіне сілтеме жасап Астана қаласының ресми сайты.
«Бүгін Алматы ауданында - 45 жұп, Сарыарқа ауданында - 60 және Есіл ауданында 32 жұп отбасын құруға ниетті», - деп нақтылады департаментте.