12 ақпан. Туған күн иелері

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 12 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

78 жыл бұрын (1941) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Алпысқызы НАЗАРБАЕВА дүниеге келді.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қызылжар ауылында туған. Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары оқу орнын экономист мамандығы бойынша бітірген. Аталған комбинатта «Қарағандыкөмір» бірлестігінде жұмыс істеген.

1992 жылы елдегі ана мен балаларды әлеуметтік қорғау, балалар үйлерін қамқорлыққа алу, тұрмысы төмен, жетім балаларға жәрдемдесу мақсатында «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалады. Қазақстанда алғашқы болып жетім балаларды қорғайтын заң (Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы) шығару бастамасын көтерді. Осыған орай Назарбаеваның тікелей қатысуымен жетім балаларға арналған балалар ауылдары салынды. Онда тәрбиеленген түлектер тұрғын үймен, білім алу мүмкіндігімен немесе жұмыспен қамтамасыз етіледі.

1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті. Қор аурудын асқынған түрлерімен сырқаттанған балаларға Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Әсіресе Арал мен Семей ядролық полигоны сияқты экологиялық апатты аймағының балаларына ерекше көңіл бөлінеді. 1994 жылдан «505 - Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының президенті.

1999 жылдан - «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.

«Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевича Иванова» (1999 ж.), «Здоровье человека и система П.К. Иванова «Детка» (1999 ж., қосалқы авторлармен бірге) кітаптарының авторы.

І дәрежелі «Достық» орденімен, «Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальмен, Халықаралық «SOS-Киндердорф» қорының Алтын медалімен, Балалар құқығын қорғау саласына зор үлес қосқаны үшін ЮНИСЕФ-тің арнайы наградасымен марапатталған. Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының И. Дограмачи атындағы сыйлығының, халықаралық «Unity» сыйлығының, Денсаулық сақтау, қайырымдылық және өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу саласындағы ерен еңбегі үшін «Қурманжан Датқа» сыйлығының лауреаты, «Мээрман Энее-98» атағының иегері атанған.


71 жыл
бұрын (1948-2007) ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, ТМД елдері журналистерінің «Орыс әлемі» халықаралық сыйлығының лауреаты Олег Вадимович КВЯТКОВСКИЙ дүниеге келді.

Ресейде туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Советская Чукотка», «Ленинская смена», «Казахстанская правда» газеттерінің тілшісі, «Строительной газеты» газетінің Қиыр Шығыс бойынша, меншікті тілшісі, «Труд» газетінің Түрікменстан бойынша, Қазақстан бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 1993-1996 жылдары - «Караван-Эдвертайзинг» жарнама агенттігінің бас директоры. 1999-2001 жылдары - «Караван» газетінің бас редакторы, «Труд-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2001-2002 жылдары - «31 канал» телерадио компаниясының атқарушы директоры. 2002-2005 жылдары - «Столичная жизнь» газетінің бас редакторы. 2005-2007 жылдары «Казахстанская правда» Республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті қызметін атқарған.

Медальмен марапатталған.

68 жыл бұрын (1951) ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Молдашұлы ЕРМАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1980 жылға дейін Жезді ауданы «Октябрь туы» газетінің әдеби қызметкері, 1971-1978 жылдары - Жезқазған облыстық телерадиокомитетінің аға редакторы, 1978-1980 жылдары - Жезқазған облыстық телерадиокомитетінің бас редакторы. 1982-1992 жылдары - Қазақ республикалық теледидарының бас редакторы, 1992-1996 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, «Қазақ мемлекеті» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан қанаты» - «Крылья Казахстана» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 1997-2003 жылға дейін шығармашылық жұмыста болды. 2003-2006 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, 2006-2007 жылдары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Қазақ радиосының бас директоры. 2007-2009 жылдары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап - «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі.

Тұңғыш өлеңдер жинағы - «Жанартау» 1983 жылы жарық көрді. «Арайлы күн армысың», «Ұлытауға бардың ба?..», «Құдіретке жүгіну» , «Екі тізгін, бір шылбыр» атты кітаптардың авторы.

Өлеңдері мен поэма, балладалары адам, оның жан дүниесі, рухани құдылықтарын өзек етеді. Жүрсін Ерманов қазақтың атамұра өнері - ақындар айтысын қайта жаңғырту, оны теледидар мен радиода насихаттау ісінде айтарлықтай жұмыстар атқарды. Ақындарды 1984 жылдан үлкен сахнаға шығарып, халық өнерін, ұлттық рухты көтеруге үлес қосты. Ақындар айтысын жинақтап жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Қазіргі айтыстар» (2005, Астана, 2 том) жинағын құрастырды. Бірнеше бейне, аудиокассета, дискілері жарыққа шыққан. Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығының екі мәрте иегері. Халықаралық қазақ тілі қоғамының мүшесі. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

58 жыл бұрын (1961) 31 арнаның бас продюсері Нұржан Жалауқызы МҰХАМЕДЖАНОВА дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін үздік тәмамдаған. Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында редактор, бөлім бастығы, бас редактор қызметтерін атқарған. 1991 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық редакциясының Бас редакторы, Қазақ радиосы бағдарламалар бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақ радиосы бас директорының бірінші орынбасары, Қазақ радиосының саяси шолушысы қызметін атқарды. 1997 жылы ҚР Президенті баспасөз қызметінде, 1997-2006 жылдары «Интерньюс» Халықаралық Ұйымының Қазақстандағы өкілдігі директорының орынбасары, атқарушы директоры, 2006 жылы «31 канал» ТРК атқарушы директорының бірінші орынбасары, атқарушы директоры, 2008-2011 жылдары «31 канал» ТРК бас директоры болды. 2008 жылдан Қазақстан Телерадиотаратушылар Ұлттық қауымдастығының президенті. 2011-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы. Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қарашасынан бері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

56 жыл бұрын (1963) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Асқар АЛТАЙ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, С.Мұқанов мұражай-үйінің кіші ғылыми қызметкері, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасының жауапты редакторы, «Жұлдыз» журналы әдеби сын бөлімінің редакторы, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, «Білім» баспасының жетекші редакторы болған. Жазушының «Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Алтай новелласы» атты прозалық жинағы жарық көрген. «Қызыл бөлтірік» кітабы Халықаралық сорос қорының бас жүлдесін алған.

54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Сұлтан Бүркітбайұлы КАМАЛЕТДИНОВ дүниеге келген.

Астрахан облысында (РФ) туған. Ташкент жоғары танк училищесін бітірген; Танкіге қарсы әскерлер әскери академиясының тыңдаушысы; Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы.

Еңбек жолы: Германиядағы кеңес әскерлері тобының танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводы командирі; танк батальоны командирінің орынбасары - штаб бастығы, танк батальоны командирі, танк полкінің командирі, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары - штаб бастығы, механикаландырылған бригада командирі (1986-2005); «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскер қолбасшысы басқармасының штабы бастығының орынбасары (2006-2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары (01.2008-08.2008); «Оңтүстік» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы - қолбасшының бірінші орынбасары (2010-2012); «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы - қолбасшының бірінші орынбасары (2012-2013); «Астана» ӨҚ әскер қолбасшысы (2013-2016); ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016 жылдан).

53 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Берік Тұрсынбекұлы БЕЙСЕНҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Қостанай облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін экономист (1990); Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер (2000) мамандықтарымен бітірген.

Еңбек жолы: Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы (1990); Қарағанды мемлекеттік университетінің аспиранты (1990-1994); «Компьютерлік емдеу-диагностикалау жүйелері» кәсіпорнының бас есепшісі (1994-1995); «Қазкоммерцбанк» АБ дилинг басқармасының дилері (1995-1996); «Alem Bank «Kazakhstan» Қарағанды басқармасы бастығының орынбасары (1996-1997); «БТА» ЖАҚ Ақмола филиалының бастығы (1997-1998); «Алматы сауда-қаржы банкі» АҚ Астана филиалының директоры (1998-2004); «АТФБанк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарушы директоры (2004-2006); «Astana Capital Investment Group» инвестициялық компаниясының бас директоры (2006-2009); «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2009-2011); «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы (2011-2012); «Темiрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (Алматы); «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма мүшесі, активтерді оңтайландыру жөніндегі атқарушы директоры.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың шілдесінде кірісті.

«Кұрмет» орденімен; медальмен; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен; «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1977) «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Қаныш Асанханұлы ӘБУБӘКІРОВ дүниеге келген.

Түркістан облысында туған. ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясын (1998); Ұлттық қорғаныс, әскери және мемлекеттік басқару университетін бітірген.

Еңбек жолы: №32363 әскери бөлімінің десант-шабуылдау батальоны барлау ротасының барлау тобының командирі (1998-1999); №32363 әскери бөлімінің ауыр зеңбіректер ротасының командирі (1999-2001); №32363 әскери бөлімінің десант-шабуылдау батальоны командирінің орынбасары (2001-2006); №61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары - штаб бастығы (2006-2009); №22750 әскери бөлімінің командирі (02.2009-09.2009); №25744 әскери бөлімінің командирі (2009-2012); №61993 әскери бөлімінің командирі (2012-2015); ҚР Қарулы Күштері Аэромобильді әскер қолбасшысы басқармасының әскери дайындық басқармасының бастығы - Аэромобильді әскер қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары (2015-2016); ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлер десант-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (2016-2017).

Қазіргі қызметін 2017 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен; «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар