Ақмола, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде желдің екпіні күшейіп, 15-20 м/с-қа дейін барады. Қостанай облысының бірқатар жерлерінде боран соғып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде қатты аяз болады деп күтілуде.