Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпіндегі жел сақталады, түнде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болжанады.
Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын мен тұман күтіледі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде сондай-ақ тұманды болады.