12 адам террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін сотталды

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 тұрғыны террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

— Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтапжәне діни араздыққа шақырған, ал тағы біреуі лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған, — делінген хабарламада.

Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кетелік Жамбыл облысында педофил әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды