«Найзағай кезінде желдің күші артуы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары температурамен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында 42 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.
Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы күндіз 12-20 градусқа дейін төмендеуі мүкін. Еліміздің оңтүстік-шығысында температура 20-28-ге дейін төмендейді», - делінген хабарламада.