Алдағы дүйсенбіде еліміздің көп аймағында жауын-шашын болады деп күтіліп отыр.
– Қазақстанның көптеген аймағында батыс циклондары мен оларға байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Айта кетейік, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Бұдан бұрын 11 қаңтарда елдегі қай жолдар жабық тұрғанын жазғанбыз.