Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Жамбыл, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында да көктайғақ және желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетіп, күн бұрқасындатады.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасынға ұласатын желдің екпіні -15-20 м/с. Ақмола, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел күшейеді, жылдамдығы - 17-22 м/с.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Алакөл аумағында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, Ақтөбе облысында бұрқасын болып, күндіз 15-20 м/с. жел тұрады.
Таңертең және күндіз Қостанай облысында да кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.-қа жетеді, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысында - тұман, ұйтқып жел тұрады - жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде түнде тұман түсуі, күндіз бұрқасын болуы ықтимал.