10.00-де Park Inn қонақ үйінде Central Asian Think Tanks форумы өтеді.
15.30-да Халықаралық әуежайда Парадзюдодан әлем чемпиондары елге оралады.
15.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға арналған «АРМАН АСУЛАРЫ» фестивалі өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, Халықаралық фестивалінің лауреаты Әлия Дәулетбаеваның «Алматыдан алыста» атты кітабының таныстырылымы өтеді.
16.00-де Астаналық циркте «Der Elefant» неміс циркі өнер көрсетеді.
16.30-да «Астана Опера» театрында «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалінің ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.
18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында композитор Сейдолла Бәйтерековты еске алуға арналған «Жан Досым» кеші өтеді.
Фото: pbs.twimg.com