АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.
АЛМАТЫ
«Медеу» мұз айдынында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрететін кезекті курстар өтеді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Жамбыл ауданы Бектөбе ауылындағы ипподромда жастар арасында саятшылық бойынша ІХ республикалық чемпионат өтеді. Оған Астана, Алматы қалаларынан және республиканың 12 облысынан 80-ге жуық спортшы қатысады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.