ЕСІМДЕР
Дондағы Ростовта туған. Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата - ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол - «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларының, «Сарыарқа», «Целинная», «Құрманғазы» симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50-ден аса ән мен романстардың авторы. Е.Г.Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е.Г.Брусиловскийдің еңбегі зор. Ленин, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Қостанай облысының Қамысты ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің физикалық факультетін бітірді. Санкт-Петербург қаласындағы политехникалық институттың аспирантурасын бітірген (1990). Еңбек жолы: Қостанай педагогикалық институтында оқытушы (1985), аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент (1990), декан (1995). Қостанай әлеуметтану академиясының ректоры болды. Қостанай облыстық мәслихаты VI шақырылымының депутаты. 1999 жылдан бастап Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде қызмет атқарып келеді. 87-ден астам ғылым жарияланымның, 4 монографияның авторы. Германия, Жапония, Австрия, АҚШ, Франция, Италия, Польша, Израиль елдерінде 37-ден астам Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушысы болды.
Талдықорған облысы Ақсу ауданы Қаракөз кеңшарында туған. Алматы мемлекеттік театр-көркем институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері. 1982 жылдан - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар театрының актері. 1992-2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. «Абай» (Абай), «Томирис» (Мард), «Айман-Шолпан» (Арыстан), «Тойдан қайтқан қазақтар» (Қошқарбай), «Геростратты ұмыту» (Тиссаферн), «Қамар сұлу» (Оспан) спектакльдерінде ойнаған. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ақын арманы» (Торайғыров), «Шәкәрімнің соңғы күні» (Қарасартов), «Заманай» (Есет), «Құланның ажалы» (Иемберген) кинофильмдерінде, «Шегіртке» (Дастанов) телесериалында, т.б. рөлдер орындаған. Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
«Құрмет» (2009) орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2001).
Целиноград қаласында дүниеге келді. М.Горький атындағы Урал мемлекеттік университетін (Екатеринбор қаласы), журналистика мамандығы бойынша бітірген (1989).
Еңбек жолы: облыстық «Целиноградская правда» газетінің тілшісі (1989-1991), «Казахстанская правда» газетінің Целиноград облысы бойынша меншікті тілшісі (1991 жылдан бастап). «Казахстанская правда» газетінің Астана қаласының кеңсесіне орнын ауыстырғаннан кейін газеттің қоғамдық-саяси өмірі бөлімінің редакторы, одан кейін – «Казахстанская правда РГ» АҚ президент жанындағы арнайы тілші болып тағайындалды. Көп жыл бойы Президенттің қатысуымен өтетін сыртқысаяси іс-шараларды жариялаушы журналистік пул құрамына кірген.
Қазіргі қызметінде – 2009 жылдың маусым айынан бастап.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты (2009), Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1997). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдармен марапатталған.