12 қарашада Алматы мен Атырауда метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

12 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, - деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.