Бұл туралы Астанада журналистерге ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, ҚР СІМ ЕҚЫҰ департаментінің директоры, ЕҚЫҰ Саммитінің атқарушы хатшысы Сержан Әбдікәрімов мәлім етті.
«67 мемлекеттің 61-і саммитке қатысатындығын растады, олардың арасында 55 мемлекет ЕҚЫҰ-ға мүше елдер және 12 мемлекет Ұйымның әріптес мемлекеттері», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, саммитке келетіндігін растаушылар арасында 29 мемлекет басшылары, соның ішінде 28 президент, сонымен қатар, Босния және Герцеговина президиумдарының төрағасы, Швейцарияның вице-президенті бар. Сонымен қатар, саммитке 11 үкімет басшылары, 5 вице-премьерлер мен 11 министр қатысады. Сонымен қатар ұйымның әріптес мемлекеттерінің үш вице-министрлері саммитке келетіндіктерін растады.
Естеріңізге сала кетейік, ЕҚЫҰ Саммиті 2010 жылғы 1-2 жетоқсан күндері Астанада өтеді.