12 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Kazinform 12 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Digital Bridge-2023 форумында Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.
10.00-де Сенат төрағасының өкіміне сәйкес палата отырысы өткізіледі.
10.00-де Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның астаналық филиалы Қазақстан халқының несиеге белшеден батуына қатысты дөңгелек үстел өткізеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «ҚР «Астанада «Zhas Project» жобасының басталуы» туралы онлайн брифинг өтеді.
Спикерлер:
«Даму Қазақстан Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анара Битебаева;
Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
11.00-де Мәжілісте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жаңа заң жобасын депутаттарға ұсынады.
11.00-де ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Астана қаласының қорғаныс істері департаменті әскерге шақырылушыларды ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырады.
11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қаржылық қорытындылары» тақырыбында баспасөз брифингі өтеді. Сондай-ақ спикер осы жылға болжам мен мемлекетке дивидендтер аясында қор жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтады.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының М.Мақатаев залында көрнекті балалар ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Балажан қаламгер» атты әдеби кеш өтеді.
13.00-де EXPO Халықаралық көрме орталығында Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 IT форумы өтеді. Форумның негізгі тақырыбы қазіргі әлемдегі жасанды интеллекттің рөлі – Artificial and Human Intelligence: The right balance деп аталады.
15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда киберспорттың дамуы» онлайн брифингі өтеді.
Спикерлер:
Данияр Батырбай – «Esports Central Asia» ЖШС бас директоры;
Еркеғали Корбозов – Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.
Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де «Транспорт Тауэр» ғимаратында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың қатысуымен «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының» іске асырылуы туралы брифинг өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Онкологиялық қызметті дамыту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав Юрьевич.
Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.00-де Е.Рахмадиев атындағы филармонияда «Астана аруы-2023» қалалық сұлулық байқауы өтеді.
19.00-де «Astana opera» театрында «Корсар» балеті қойылады.