Кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан, Манғыстау, Қостанай, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.