12 мамыр. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 12 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1945) ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесі мүшесі, Қазақстан Республикасы Дипломатиялық қызметіне еңбек сіңірген қайраткер, мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.
Талдықорған облысы Панфилов ауданы Еңбекші (Қызыл Еспе) ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП Орталық Комитетінің Қоғамдық білімдер академиясын бітірген, журналист. Саяси ғылымдарының докторы, профессор. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1961-1964 жылдары Сарыөзек ауданаралық баспаханасының жұмысшы-баспагері болып бастаған. Талдықорған және Алматы облыстарының аудандық газеттерінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1964-1967 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өткерген. 1967-1976 жылдары Панфилов аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, екінші, бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1976-1981 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, 1981-1983 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 1987-1990 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 1990-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Идеология бөлімінің меңгерушісі, 1991-1993 жылдары Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Үкіметінің құрамында Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі, 1993-1994 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары, 1993-1995 жылдары «Қазақстанның Халық бірлігі одағы» қоғамдық қозғалысының, кейіннен «Қазақстанның халық бірлігі» партиясы Орталық Комитетінің төрағасы, 8-13 шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1995-2001 жылдары ҚР Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Монғолия, Вьетнам, Корея Халық Демократиялық Республикасында елшілік қызметін қоса атқарды. 2001 - 2007 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, 2007 - 2011 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2012-2016 жылдары «Нұр Отан» ХДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты болды. 2016-2021 жылдары алтыншы шақырылым депутаты. 2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының жанынан құрылған Депутаттық әдеп кеңесінің төрағасы. 2005 жылы - ЕҚЫҰ реформалау жөніндегі көрнекті саясат қайраткерлері кеңесінің мүшесі.
«Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» ордендерімен, 8 медальмен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қайраткері». Отандық журналистиканың дамуына қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан журналистика академиясы тағайындаған «Алтын самұрық» атаулы сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистикасын дамытуға сіңірген аса көрнекті еңбегі және елеулі үлесі үшін «Қазақстанның құрметті журналисі» белгісімен марапатталған.
77 жыл бұрын (1948) Қазақстан тарихындағы алғашқы елші әйел, Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы АРЫСТАНБЕКОВА дүниеге келді.
1974 жылы ҚазМУ-дың (1971, қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітіргеннен кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер, 1973-1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісі, 1983-1989 жылдары Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары, 1989-1991 жылдары Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, 1992-1999 жылдары БҰҰ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі, 1996-1999 жылдары Куба мен Франциядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), 2003 жылдан ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарады. 1974 жылы «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында кандидаттық қорғаған, ал 2004 жылы «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты.
«Құрмет» орденімен (1996) және медальдармен марапатталған.
76 жыл бұрын (1949) көрнекті мемлекет және саясат қайраткері, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, «Қазақстан халқына» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы, генерал-полковник Қайырбек Шошанұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.
Новосібір қаласында туған. Свердлов заң институтын бітірген.
Еңбек жолын 1966 жылы Новосібір қаласындағы № 2 көпір тресі № 472 көпір пойызының көпір салушысы болып бастаған. 1969-1972 жылдары Новосібір қаласының ішкі істер басқармасына қарасты ӨҰБ СВПЧ-2-де қатардағы өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. 1972-1975 жылдары Новосібір облысының Куйбышев қаласы прокуратурасының тергеушісі, аға тергеуші. 1975-1976 жылдары Алматы қаласының Фрунзе ауданы прокуратурасының тергеушісі. 1976 жылғы қаңтардан тамызға дейін Алматы қаласы прокуратурасының аға тергеушісі. 976-1979 жылдары Алматы қаласының Ленин ауданы прокурорының орынбасары. 1979-1981 жылдары Алматы қаласының Калинин, Алатау АІІБ бастығының орынбасары. 1981-1986 жылдары Алматы қаласы Ленин АІІБ-нің бастығы. 1986-1987 жылдары КСРО ІІМ-нің көліктегі Шығыс ІІБ бастығының орынбасары. 1987-1988 жылдары Алматы қалалық партия комитетінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1988-1989 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1989-1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы ҚК-нің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 1992-1995 жылдары ҚР-ның Мемлекеттік кеңесшісі. 1995-2000 жылдары ҚР Ішкі істер министрі ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2000-2002 жылдары ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2002-2003 жылдары ҚР Ішкі істер министрі. 2003-2008 жылдары ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2008-2009 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Ардагерлер кеңесінің төрағасы. 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі. «Қазақстан халқына» Қоғамдық әлеуметтік қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Қазақстан халқына» Қоғамдық әлеуметтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы (2022 жылдан), 2023 жылғы 12 маусымда «Қазақстан халқына» қоры камқоршылық кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.
II дәрежелі «Даңқ», I дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.
52 жыл бұрын (1973) «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Тынышбайұлы ЖҰМАҒАЗИЕВ дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Атырау мұнай және газ, автомобиль өнеркәсібі институтын бітірген; Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы, саясаттанушы.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары «Итера» ЖШС директоры, 2002-2006 жылдары Атырау облыстық ішкі саясат департаменті жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы, директордың орынбасары, 2006-2011 жылдары «Атырау-Ақпарат» ҚМК аймақтық медиахолдингтің басшысы, 2011-2012 жылдары Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, 2014-2016 жылдары «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының кеңесшісі, 2016-2017 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары, 2017-2022 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болды.
2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтерді, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды. 2010-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары, ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы лауазымдарын атқарды. 2019-2020 жылдары ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді. 2020 жылы ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы лауазымын атқарған (2021-2023 жылдары қайта тағайындалды).
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінеен бері атқарып жатыр.
47 жыл бұрын (1978) "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысы Дулат СОВЕТХАНҰЛЫ дүниеге келді.
Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. 1999 жылы Семей мемлекеттік университетін, 2013 жылы Семейдегі «Қайнар» университетінің магистратурасын, 2020 жылы Қазақ спорт және туризм академиясының докторантурасын бітірген.
Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Медеу ауылы, Медеу орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, 2003-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт мектебі баскетбол бөлімінің жаттықтырушысы, 2004-2017 жылдары Семей қаласының Шәкәрім университеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, 2020-2021 жылдары Шәкәрім атындағы университет дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, 2021-2022 жылдары Шәкәрім атындағы университет дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, 2022 жылы Семей қаласы Медициналық университеті денешынықтыру кафедрасының оқытушысы, 2022-2023 жылдары қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2023-2024 жылдары Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, 2024-2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ директоры лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың ақпанынан бері атқарып жатыр.
46 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Құдайбергенұлы АҚКЕНЖЕНОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), «Астана» университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.
Еңбек жолы: 2002-2003 жылдары «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас маманы, 2003 жылы «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас менеджеры, 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, 2004-2006 жылдары «Chevron Texaco Global Trading «Қылыш» бағдараламасы бойынша шікі мұнай трейдері, Ұлыбритания, 2006 жылы «KazMunaiGaz Singapore» директоры, Сингапур қ., 2006-2008 жылдары «Қазмұнайгаз «Сауда Үйі» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры болып қызмет етті. 2008-2010 жылдары «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры, 2011 жылы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Бас директорының кеңесшісі, 2011-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, 2013-2014 жылдары «Rompetrol Bulgaria» Бас директордың орынбасары, Бас директоры, Болгария, 2014 жылы «KMG International (Rompetrol)» Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры, Румыния, 2015 жылы «KMG International (Rompetrol)» Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры, Румыния, 2015-2016 жылдары «KMG International (Rompetrol)» Бас директорының кеңесшісі болды. 2016-2020 жылдары Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс атқарды. 2022-2023 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы, 2023-2025 жылдары ҚР Энергетика вице-министрі қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылғы наурыздан бастап атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Еуразиялық экономикалық одаққа 10 жыл» медалімен марапатталған.
39 жыл бұрын (1986) Павлодар қаласының әкімі Хасар Айтпекұлы ХАБЫЛБЕКОВ дүниеге келді.
Павлодар қаласында туған. Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын бітірген, құқық бакалавры, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, техника және технологиялар магистрі.
Еңбек жолы: 2012-2016 жылдары «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бас маманы, «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» ММ өндірістік бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2017-2018 Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2021 жылы Павлодар облысының құрылыс басқармасының басшысы, 2021-2022 жылдары Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
36 жыл бұрын (1989) «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Мұрат Амангелдіұлы ӘМРИН дүниеге келді.
СҚО Ақжар ауданының Ленинградское ауылында туған. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірді.
Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығы «High Tech Logistics» ЖШС» сапа бөлімінің бақылаушысы, 2011-2012 жылдары «International Surveyors Limited» ЖШС бақылау-ревизиялық қызметінің инспекторы, 2012-2014 жылдары «Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы» ЗТБ халықаралық тасымалдарды дамыту және рұқсат беру жүйесін реттеу бөлімінің менеджері, 2014-2016 жылдары «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің ІІ санаттағы сарапшысы, 2016-2017 жылдары «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің І санаттағы сарапшысы, 2017-2019 жылдары «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің директорының орынбасары болып қызмет атқарды. «Атамекен» ҰКП логистика және тасымалдау департаментінің директоры.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың наурызынан бері атқарып жатыр.
146 жыл бұрын (1879-1938) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан ТЫНЫШБАЕВ дүниеге келген.
Ол 1900 жылы Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірді. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында баяндама жасады.
Гимназия директоры Жетісу облыстық әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты «тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі» екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия бөлуді сұраған.
1900 жылы Жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйлейді. Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етеді. Институтты бітірген соң инженер-маман ретінде Орта Азия темір жолы құрылысына жіберіледі. 1907 жылы екінші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланып, онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етеді. Дума таратылған соң Орта Азия темір жолы құрылысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады. 1911 жылы Урсатьевск - Әндіжан темір жолы құрылысының бастығы әрі бас инженері, 1914 жылы Арыс - Әулиеата темір жолы құрылысының бас инженері қызметтерін атқарады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Тынышбаев Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына мүше болып тағайындалады.
Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Жетісу облысындағы 1916 жылы Қытайға ауып кеткен қазақ-қырғыз босқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырады. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезіне қатысып, онда құрылған Түркістан автономиясы Уақытша үкіметінің төрағасы және Ішкі істер министрі болып сайланады. Бірақ көп ұзамай бұл қызметтерінен бас тартады. Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің құрамына сайланады. Тынышбаев Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге қазақ елінің дербестігін қалпына келтіруге, елдің амандығын сақтауға күш салады. Ол осы мақсатта Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, Ғ.Танашев секілді Алашорда үкіметі мүшелерімен бірге Уақытша Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен және Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысады. М.Тынышбаев сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Ол Орыс география қоғамы Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болды. «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымының қызметіне атсалысады. Халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дереккөздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазады. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге Тынышбаев еңбектеріндегі «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтың шығу тегі», «Қазақ этнонимі туралы», «Алтын орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ақтабан шұбырынды» секілді, т.б. тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көне дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынысы тарихшы-ғалымның өзіндік қалыптасқан тарихи көзқарасы бар екендігін аңғартады. Сонымен қатар еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген приципті берік ұстанған және бұл приципті өзге зерттеушілердің де ұстауын талап етеді. Тынышбаев 1922 жылдан Түркістан АКСР-і Су шаруашылығы басқармасында, Ташкентте жер суландыру бөлімінде, Қызылорда қаласының құрылыс-жөндеу жұмыстарында, Жетісу губерниясы атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті инженер-маман ретінде таныта білді. 1927 жылдан Түркістан - Сібір темір жолы құрылысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түрксіб құрылысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түрксібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3-інде тұтқынға алынады. Оған «тап жауы», «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айыптар тағылады. Кейінгі жылдары да үнем бақылауда болған ол, ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Алматыдағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясы М.Тынышбаевтың есімімен аталады.
95 жыл бұрын (1930-1993) жазушы, журналист Әнуар ӘЛІМЖАНОВ дүниеге келген.
Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Алма-Атинская правда», «Литературная газета», «Ленинская смена», «Правда» газеттерінде қызмет істеген. «Қазақфильм» студиясының, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі төралқасының төрағасы болды. Жазушы шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған. «Достар кездескенде», «Жаушы», «Күнге бет алған керуен», «Адамдар жолы», «Махамбеттің жебесі» т.б. кітаптары жарық көрді. Бірсыпыра шығармалары Азия, Африка халықтарының ұлт-азаттық күресіне арналған. Үндістан тақырыбына жазылған шығармалары үшін Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері. «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен және медальдармен марапатталған.