ЕСІМДЕР
63жыл бұрын (1963) ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Әнесұлы ӨТЕМІСОВ дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында туған. А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Институт бітіргеннен кейін Орал облысының Чапаев ауылындағы № 1 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1985-1987 жылдары Совет әскері қатарында қызмет өткерді. 1985-1992 жылдары Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, екінші хатшысы, 1992-1994 жылдары Орал облыстық әкімшілігінің Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы, 1994-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жастар істері, туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығы, 1998-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы Туризм және спорт басқармасының бастығы қызметінде болды. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы, 2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі, 2006-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2007-2011 жылдары төртінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012-2016 жылдары бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2016-2021 жылдары алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, 2021-2022 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы лауазымын атқарған. 2022-2024 жылдары ҚР ОСК мүшесі болды.
2024 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
62 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Құдиярұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Шымкент политехникалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Шымкент университетін бітірген. Техник-құрылысшы, инженер-экономист, экономист-қаржыгер, заңгер.
Еңбек жолын 1984 жылы «Октябрьге 50 жыл» орталық стадионының жұмысшысы болып бастаған. 1985-1986 жылдары «Октябрь» орта мектебі директорының орынбасары, 1986-1992 жылдары Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның әдіскері, инженері, бас инженері, басшы орынбасары, басшысы болып жұмыс істеген. 1993 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру фирмасы бас директорының бірінші орынбасары, 1996-2003 жылдары «Сенім» ЖАҚ, «Санұр» ЖШС, «Трансойл» АҚ филиалдары директорының орынбасары. 1999 жылдан бастап 5 рет Шымкент қалалық мәслихатына II, III, IV, V, VІ шақырылымдарға депутат болып сайланды. 2003-2008 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының 2 шақырылымында тексеру комиссиясының төрағасы, 2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2018 және 2023 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып екі рет сайланды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
60 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпелұлы САПАРОВ дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры мамандықтарына ие.
Институтты аяқтаған соң Булаев ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1995-2003 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры, 2003-2005 жылдары «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, 2005-2006 жылдары «Продкорпорация» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары, Петропавл қаласы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының бастығы, 2006-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі, 2008-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, 2010-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, 2011-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, 2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып қызмет атқарды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бері қазіргі қызметінде.
«Құрмет» (2008), «Парасат» ордендерімен марапатталған.
60 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Ғалымжан Патшаханұлы НӘСІРДИНОВ дүниеге келді.
Шымкент (қазіргі — Түркістан) облысында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша, Халықаралық құқық және нарық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1993-1996 жылдары Шымкент қаласындағы «Қанат» шағын кәсіпорны директорының сауда жөніндегі орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласы Халықаралық арбитраж қауымдастығының кеңесшісі, 1997-2002 жылдары Қоғамдық бірлестіктер және діни ұйымдар істері басқармасының бас маманы, ҚР Әділет министрлігі азаматтардың өтініштерін қарау және ішкі әкімшілікті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2002-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты қызметінде болды. 2004-2008 жылдары Ақмола облысы Астрахань аудандық сотының төрағасы, 2008-2013 жылдары Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының төрағасы, 2013-2017 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы, 2017-2020 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы, 2020-2024 жылдары ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымын атқарған.
2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
60 жыл бұрын (1966) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Советұлы БАШИМОВ дүниеге келді.
Өскеменде туған. 1991 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1997 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1995-1998 жылдары Ресей Ғылым академиясының Мемлекет және құқық Институтының конституциялық құқық теориясы секторының аға ғылыми қызметкері, 1999-2001 жылдары доцент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, 2001-2002 жылдары Парламент Сенаты аппаратында комитет хатшылығының меңгерушісі, 2004 жылы Таулар заң институтының доценті, ҚР БҒМ әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, 2002 жылдан бастап «Еуропалық құқық және адам құқықтары институты» ЖҚ директоры, 2006 жылы «Адам және Заң» Республикалық құқықтық газетінің бас редакторы, 2010-2011 жылдары Қаржы полициясы академиясының бастығы, 2022 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып қызмет етті.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
55 жыл бұрын (1971) Спорт омбудсмені — Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ислам БАЙРАМУКОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында туған.
1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінде, 2003-2005 жылдары Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университетінде білім алған.
Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия Кубогының иегері. 2000 жылы Азия чемпионы, еркі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.
1993-2004 жылдары РМК «Ұлттық құрама командалар және спорттық резерв дирекциясы» спортшы-нұсқаушысы, 2005 жылы 160 км қашықтыққа шабандоз жарыстарынан Дубайда (БАӘ) өткен жарыста Қазақстан құрамасының басшысы, 1996, 2000, 2004 жылдары) үш Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2010 жылы ҚР еркін күрес федерациясы президентінің кеңесшісі, 2021-2024 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс спорт жөніндегі кеңесшісі — спорт омбудсмені, 2024 жылы Алматы қаласындағы РМК «Республикалық спорт колледжі» директоры лауазымын атқарған.
2024 жылдан бері қазіргі қызметінде.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталған, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері.
52 жыл бұрын (1974) Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марат Файзұллаұлы ТҰРСЫН дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туған. 1997 жылы Р.А.Х.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылдан «Маратжан» шаруа қожалығының бастығының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Шымкент қаласының сот орындаушысы, прокурор, Алматы облысы, Талдықорған қаласы ішкі істер органдарында кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, Талдықорған қаласы бойынша қаржы полициясы басқармасының бастығы, Талдықорған қаласы бойынша департаментінің басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша аса маңызды істер бойынша қызметкері лауазымдарын атқарған. 2024-2025 жылдары Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың қарашасынан бастап атқарып келеді.
43 жыл бұрын (1977) Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Медет Маденұлы АБИЕВ дүниеге келді.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Құмқұдық аулында туған. Білімі бойынша экономист, заңгер. Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша және Ақтөбе қаласындағы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе қаласында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде бас маман лауазымында бастаған.2004-2025 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бас маман, бөлім басшысы және Департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Қазіргі лауазымын 2026 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.