Аталған шараға 12 мыңнан астам бүлдіршін қатысты. Мұндағы мақсат - жас ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеу және ұлттық рәміздерді қастерлеуге баулу.
20:05, 29 Тамыз 2014
12 мыңнан астам бүлдіршін бір мезетте Әнұранды орындады - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Конституция мерекесіне арналған жалпыхалықтық шаралардың бірі 29 тамыз күні өтті. Қаладағы 124 балабақша және шағын орталықта бір мезетте Мемлекеттік Әнұран орындалды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.