12 наурыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 12 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1963) ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі Ермек Әмірханұлы АМАНШАЕВ дүниеге келді.
Маңғыстау облысында туған. 1985 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді, филолог, филология ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1979 жылы Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы, 1985–1986 жылдары Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері, 1986–1988 жылдары Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы, 1988–1991 жылдары «Жалын» журналының жауапты хатшысы, 1991–1995 жылдары ҚазМУ аға оқытушысы, 1995–1997 жылдары ҚР Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері, 1997–2000 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2000–2002 жылдары Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы, 2002–2003 жылдары Мәдениет Комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі, 2003–2004 жылдары ҚР Мәдениет вице-министрі, 2004–2006 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, 2006 жылы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары, 2006–2008 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ аппаратының жетекшісі, 2008-2014 жылдары Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болды. 2014-2019 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2019-2022 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары — ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болды.
Қазіргі қызметінде 2023 жылдың ақпанынан бастап.
Мәдениет вице-министрі және «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Е. Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.
60 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері Өмірзақ Естайұлы ШӨКЕЕВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Мәскеу экономика-статистика институтын, аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: 1988-1991 жылдары Қазақ КСР Жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, Экономика жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, 1992-1993 жылдары ҚР Президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Президенттің экономика жөніндегі кеңесшісі, ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1993-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Экономика министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран Әлем» ЖАҚ басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 1998-2004 жылдарв Қостанай облысының әкімі, 2004-2006 жылдары Астана қаласының әкімі, 2006-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2007-2009 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2009-2011 жылдары Үкіметтің бірінші вице-премьері, 2011-2017 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы, 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі, 2019-2022 жылдары Түркістан облысының әкімі қызметін атқарған.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев» (2005), «Парасат» (1999), «Барыс» (2012) ордендерімен; медальдармен марапатталған.
52 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Бейбітұлы ҚОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін, 1999 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастап, сол жылы Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне іссапарға жолданды. 1999-2007 жылдары Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыста болды. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка елдері департаментінде бірқатар жауапты лауазымдарда қызмет атқарды. 2009-2011 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып, 2011-2014 жылдары Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы лауазымында қызмет атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді.
ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген.
50 жыл бұрын (1974) Астана қаласының жас көрермендер музыкалық театрының директоры Асхат Максимұлы МАЕМІРОВ дүниеге келген.
Орал қаласында туған. 1995 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы А. С. Пушкин атындағы Орал педагогика институты) филология факультетін, 1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «драма режиссері» мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеновтің шеберханасын бітірген.
2008 жылы Сорбонна университетінің магистратурасында білім алып, Франциядағы Париж Ұлттық драма өнері консерваториясында тағылымдамадан өткен, 2010 жылы Мәскеудің атақты жоғары оқу орны ГИТИС-те — Ресей театр өнері академиясында «Режиссура магистрі» ғылыми атағын алған, 2015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының докторантурасын тәмамдап, «Философия докторы» ғылыми дәрежесіне ие болған.
Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысы халық шығармашылығы орталығының бас режиссері; Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжінің «Актерлік шеберлік» бөлімінің меңгерушісі; Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының режиссері; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы; «Қазақстанды рухани дамыту қоры» АҚ вице-президенті; «Қазақ әуендері» АҚ президенті; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының доценті (2014 жылдан). 2017 жылы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымын басқарды. «Астана Мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі болды. Соңғы тағайындауға дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басшысы болды. 2018-2019 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, 2019-2020 жылдары Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры, 2020-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының жас көрермендер музыкалық театрының директоры болды.
Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «20 жыл Астана» (2018) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сыйлығының лауреаты.
49 жыл бұрын (1975) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ерболат Жалғасбайұлы САТЫБАЛДИН дүниеге келді.
Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Мибұлақ ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған Университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтады. 2022 жылы Қазақстан-Американдық еркін Университетін аяқтады. Біліктілігі — Іскери әкімшілік магистрі.
Еңбек жолын 1997 жылы Анненск кенішінде күрделі құрылыс инженері болып бастап, жер асты тау-кен шебері, кейіннен учаске бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Әр жылдары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жастар одағы төрағасы, «Жомарт» кеніші Кәсіподақ комитетінің Төрағасы қызметіне сайланды.
2010 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің өңірлік Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2013-2018 жылдары «КәсіпҚазақмыс» салалық кәсіподағының Жезқазған филиалы Төрағасы болып еңбек етті. 2018-2020 жылдары «Адал Еңбек KZ» ЖШС-нің атқарушы директоры, кейін бас директоры қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағының Төрағасы. 2016 жылдан бері Ұлытау ауданы, Мибұлақ селолық округының «Қаражар» шаруа қожалығының басшысы қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалдарымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының Конфедерациясы төсбелгісімен, «ІІІ-дәрежелі Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталған.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының VI –шы шақырылымының депутаты. Қарағанды облысы мәслихатының VII- ші шақырылымының депутаты. Ұлытау облысы құрылған соң, Ұлытау облысы мәслихатының депутаты. Ұлытау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
43 жыл бұрын (1981) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Ғаббасұлы САДВАКАСОВ дүниеге келді.
Солтүстік Қазастан мемлекеттік университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да инженер-құрастырушы болып бастады.
2007-2010 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, содан соң бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2010-2011 жылдары облыс әкімінің бас инспекторы болып қызмет атқарған.
2011-2015 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, 2016-2018 жылдары СҚО индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2018-2024 жылдары СҚО Қызылжар ауданының әкімі, 2024 жылы СҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.