12 наурызда қай республикалық автожолдар жабық тұр

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» компаниясы Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелгенін хабарлады.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Қарағанды облысы

— «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» 970-1066 шақырымы, (Қарағанды қаласынан — Молодежный ауылына дейін) учаскесі. Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788–906 шақырым аралығы (уч. гр. Улытау облысы — п. Топар). 

— KAZ15 «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғас» 17–217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан — Қарқаралы қаласына дейін).

— «Астана — Қарағанды — Алматы» 184–197 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан — Қарағанды қаласына дейін);

— «Теміртау — Ақтау — Бастау» 0–53 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан — Бастау ауылына дейін); 

— KAZ01 «Астана — Қарағанды — Алматы» 248–357 шақырым аралығы (Атамекен ауылынан — Ақсу-Аюлы ауылына дейін). Жолдарды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Қызылорда облысы:

— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240–1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы).

Ақтөбе облысы:

— «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1153–1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы). Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

Ұлытау облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 756–788 шақырым аралығы (Жанаарқа ауылынан — Қарағанды облысына дейін). Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00–де сағат ашу жоспарланған.

Павлодар облысы

— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» 426–587 шақырым аралығы, (Кенжекөл ауылынан– Абай облысының шекарасына дейін). — «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Курчатов» км 0–220, уч. (Атамекен ауылынан — Абай облысының шекарасына дейін). 

— KZ 14-04 «Павлодар қаласының айналып өтетін Батыс жолы Мостовой» 0–16 шақырым (Кенжекөл аулынан — Ақсу ауылына дейін). Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Абай облысы

— KAZ07«ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» 587–733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан — Семей қаласына дейін). Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Ашылған жолдар бойынша соңғы мәлімет те жарияланды.

Ақтөбе облысы:

— «РФ шекарасы (ө/п Жайсан) — Ақтөбе — Қызылорда — Шымкент — Алматы — КНР шекарасы (ө/п Нұр Жолы)» автожолының 0–39 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы).

Қостанай облысы:

— «Қостанай — Мамлютка» автожолының 250–403 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Ұзынкөл ауылы). 

— «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» (KAZ23) автожолының 8-218 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Октябрьское кентіне дейін) жеңіл автокөліктер үшін қозғалыс ашылды. 

Бұдан бұрын Қарағанды — Астана тасжолында полицейлер боран кезінде 3,5 мыңнан аса көлікті алып жүргенін жазған едік.