12 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 12 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де КАЗГЮУ университетінде алматылық және астаналық медиа қауымдастықтың кездесуі өтеді. Кездесуде «MEDIA CLUB», Qazaq Media Association (Қазақ медиа қауымдастығы), Medialab коммуникация агенттігі, «Қазақ журналистері» қоғамдық қорының медиа өкілдерінің жобалары таныстырылады.

18.00-де саусағынан бал тамған италиялық пианист Джузеппе Джулотта мен «Астана Опера» Симфониялық оркестрі Үлкен залдың сахнасында музыка классиктері Сергей Рахманинов пен Сергей Прокофьевтің ұлы туындыларынан құрылған «Көктемгі шабыт» концертін ұсынады. Дирижер тұғырында – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.