НҰР-СҰЛТАН
10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасына үздік қолжетімді технологияларды енгізу» тақырыбында семинар өтеді.
11.00-де Ақордада Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтеді.
11.00-де Кәсіподақтар федерациясында саяси партиялардың өкілдері, ҮЕҰ, кәсіподақтар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың қатысуымен «ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлау - 2019» тақырыбында сараптамалық кеңес өтеді.
11.00-де Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялар орталығында Еуропалық Одақ Орталық Азиямен ауа сапасын басқару саласында өз тәжірибелерімен бөліседі.
11.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы өтеді.
15.00-де ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туралы оперативті орталық ашылады.
19.00-де Ұлттық Ғарыш Орталығында өтетін «World Space Party» шарасы аясында қонақтарға НАСА-ның Халықаралық Ғарыш станциясынан түсіріліп жіберген Қазақстан аймақтарының фотосуреттері көрсетіледі.
АЛМАТЫ
10.30-да Ғылым ордасында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтеді.
11.00-де Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ардагерлік ұйымдардың өкілдері кездеседі.