12 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты жексенбіде республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, тек шығыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте және орталықта найзағай жарқылдауы мүмкін.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с.

Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде - тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.