12 сәуір күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 12 сәуір күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

АСТАНА

09.00-де Comfort Hotel қонақ үйінде Қазақстанның жол-құрылыс саласы үшін дайындалған үздік инновациялық әзірлемелер конкурсының қорытындысы шығарылады.

9.00-де Rixos Astana қонақ үйінде «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» тақырыбында Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумы өтеді.

11.00-де ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халық Қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы С.Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған симпозиум өтеді.

12.30-те ҚР Ұлттық банкі базалық ставка бойынша шешім қабылдау факторларын түсіндіру үшін брифинг өткізеді.

14.00-де Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған шаралар топтамасы өтеді.