12 саусағы бар ер адам жұмыс таппай жүр

None
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Үндістанның 48 жастағы азаматы Виджей Сингхтың ерекше қабілетке ие. 12 саусағы бар ол компьютер арқылы бір минутта 100-ден астам сөзді тере алады.

Алайда оған өзі елінен стенографистік жұмыс табылмай отыр. Оның ұсынысын 50-ден артық түрлі компания қабыл алмаған.

Сингтың сөзіне қарағанда, ол 12 саусағының бәрін біркелкі меңгерген.

Енді Үндістаннан күдерін үзген Виджей Сингх Ұлыбританияға аттанбақ ниетте.